"Ұлттық спорт " ойындарын ойнату
20 наурыз-наурызнама он күндігі аясында «Ұлттық спорт» ойындары ойнатылды. Мақсаты: Балалардың денсаулығын шынықтыра отырып, қимыл әрекеттерін жетілдіру. Ұлттық, тұрмыс, салт - дәстүрі туралы әсерлерін толықтыру. Ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыру мақсатында қазақ халқының тіршілік әрекетіне байланысты ұлттық ойындарды ойнауға үйрету. Ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ұжым мақсат әрекетіне дағдысын, назар ықыласын дамыту.