Мектебім - мейірім мекені атты ашық тәрбие сағаты. » «Ы.Кабеков атындағы орта мектебі»
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Ы.Кабеков атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72346) 50-246
Есепші бөлімі:
+7 (775) 860-31-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебім - мейірім мекені атты ашық тәрбие сағаты.
12
наурыз
2024

Мектебім - мейірім мекені атты ашық тәрбие сағаты.

Білім күні. 1- қыркүйек 2023 жылы Ы.Кабеков атындағы орта мектебінде “ Білім күніне” және жаңа оқу жылының басталуына байланысты "Мектебім -мейірім мекені " атты салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты шараға Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары Аққазин Ахмет Әсетұлы, Екпін ауылдық округінің әкімі Қараталов Айбек Найманғазыұлы, Екпін ауылы ақсақалдар алқасының төрағасы, еңбек ері Таушаев Саулаубек ата, ұстаздар, оқушылар, ата- аналар және ауыл тұрғындары қатысты. Жиында мектеп директорының міндетін атқарушы Құрманғожин Берікқазы Төлеуғажыұлы  атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. Одан кейін Салтанатты жиын қонақтары құттықтау сөз сөйлеп, оқушылар мен ұстаздарды құттықтады. Одан кейін мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндер өздері дайындаған тақпақ, өлеңдерін айтты. Бүлдіршіндерге шашу шашылып, бата берілді. Сондай- ақ жемісті еңбек істеп жүрген бірқатар ұстаздар  аудандық білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.  Бүлдіршіндер 2023-2024 жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауын соқты.Салтанатты жиын аяқталғаннан кейін “ Мектебім - мейірім мекені!”  атты ашық тәрбие сағаттары өтті.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив