11
наурыз
2024
"Шәкәрім оқулары"
2023 жылдың 15 қарашасы күні "Ақсуат ауданының білім бөлімі"ММ.Әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына және аудандық қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің ассоцацияның жоспары негізінде Алаштың ардақты ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің аудандық "Шәкәрім оқулары" байқауы "Ы.Кабеков атындағы орта мектебі"КММ-де өткізілді.
Мақсаты:Алаштың ардақты ақыны, ұлы гуманист, кемеңгер ойшыл,қазақ әдебиетінің классигі Шәкәрім Құдайбердіұлының туған күнін ұстаздар арасында атап өту және Ақынның мол мұрасын дәріптеу.
Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Оспанова Айгул қатысып, және аудандық шараның ашылуына өзінің шәкірттерімен бірге Ермек Есқожаның «Соқыр ана» атты шығармасынан көрініс көрсетіп, көпшілікті әсерлі ойға қалтырды. Әріптесіміз Айгул «Шәкәрім оқуларына» қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Құттықтаймыз. Іс-шараның өтуіне үлес қосқан үшін
Қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пән бірлестіктеріне алғысымызды білдіреміз.

