05
наурыз
2024
Мектеп тарихы
1928 жылы Нұрмұхамбет Сейітбадановтың ұйымдастыруымен Нұролла Ысқақов деген құрылыс маманының басшылығымен "Ақмектеп" деген атпен мектеп құрылысы салынып сол жылы алғашқы оқушыларды қабылдады. Оқуға қамтылған оқушылар саны 17. Ол мектепте алғашқы мұғалімдер болып Несіпбаев Айтқазы, Кабеков Әбдікәрім жұмыс істеді. 1930-1933 жылдары мектептің меңгерушісі және мұғалімдік қызметті Кабеков Әбдікәрім жалғыз өзі атқарған.
1935 жылы Ақсуат ауданы құрылып, 1935-1936 жылдары "Жаңа тілек" және "Жаңа тоған" колхоздарының орталығынан бастауыш мектептері ашылды. Мектептерде Шегебаев Заманбек, Батырханов Мәулітхан, Төлегенов Уәсіл, Шаймарданов Рамазан деген азаматтар сабақ берген. Бұл азаматтар Ұлы Отан соғысына аттанғанда 1942 жылы екі мектеп біріктіріліп, "Жаңа тоған" бастауыш мектебі болды. Бұл мектепте мұғалімдік қызметті Накеев Мұхаметқали деген азамат қызмет атқарады. 1950-1954 жылдары Накеев Мұқаметқали, Қойбағаров Қари, Жұматова Бану, Жаментиков Қабыкен, Әлімханова Күміс "Жаңа тоған" бастауыш мектебінің мұғалімдері болады. Сыныптың едені тақтайланбаған, пешпен жылытылған, керосин шамының жарығымен сабақ оқыған.
1954 жылы "Жаңа тоған" бастауыш мектебінің негізінде 7-жылдық мектеп болып үлкейтілді. Мектеп директоры қызметін Егізбаев Қарпық деген азамат атқарған. 7-жылдық мектептегі оқушылар саны 70-80 бала болды.1954 жылы мектепке Жданов аты беріліп, мектеп директоры қызметіне Файзуллин Баяхмет тағайындалды. 1956-1957оқу жылдарында мектеп биректоры болып университет бітірген жоғары білімді Дәуменов Кеңес тағайындалды. Жданов селосы орталығынан 5 сыныптық бөлмесі бар мектеп салынып іске қосылды.
1957-1958 жылдары мектепке оқу ісінің меңгерушісі штаты беріліп, бұл қызметке Иманқұлова Нұркамал тағайындалды. Мектеп ұжымында 7-8 мұғалім қызмет атқарған. Әлтаев Махан - математикадан, Ольга Степановна - орыс тілінен, Нұрғазина Кәркен - қазақ тілінен және Өтебаев Кәрім, Ахметова Нұркүлсім сабақ берген. Әр сыныпта 10-15 оқушы оқыған. Кеңестің басшылығымен ауылды көгалдандырып, ағаш отырғызылған.
1962 жылы Қытай Халық Республикасынан адамдардың көшіп келуіне байланысты балалардың саны 160 дейін жетті. 7-жылдық мектептер 8-жылдыққа, 10-жылдық мектептер 11-жылдыққа айналды. 1961 жылы Жданов колхозының күшімен жаңа мектеп құрылысы басталды. 1962-1963 оқу жылында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Мектепте 7-сынып бөлмесі болды. Спорт зал іске қосылды. 1963 жылы Жданов колхозы Ақсуат совхозына айналды. Совхоз көмегімен мектеп жанынан балалар жататын интернет және асхана салынды.. 1967-1968 оқу жылынан бастап Ибрагимов Төкен оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет істеді. Мектепке жылу қазандығы орнатылып, бір орталықтан жылынатын болды. 1964-1965 жылғы оқу жылында мектеп 8-жылдық мектепке айналды. Оқушылардың саны 500-ден астам болды. 17-сынып комплектісі болды. 1976-1977 оқу жылынан бастап мектеп орта мектепке айналды. 1978 жылы І-ші түлектер бітіріп шықты. 1978 жылы мектепке тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнінде арнайы штат берілді. Бұл қызметке Оқасова Еркін тағайындалды.
1989 жылдың тамыз айынан бастап Жданов атындағы орта мектеп Екпін атындағы орта мектеп болып өзгертілді.
1991 жылы желтоқсан айында мектеп 3-қабатты жаңа ғимаратқа көшті.
1994 жылы 22 сәуір айынан бастап Екпін атындағы орта мектебі Ысқақ Кабеков атындағы орта мектебі болып ауыстырылды.