Нашақорлық физикалық тәуелділік пайда болғаннан туатын ауру. » «Ы.Кабеков атындағы орта мектебі»
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Ы.Кабеков атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72346) 50-246
Есепші бөлімі:
+7 (775) 860-31-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Нашақорлық физикалық тәуелділік пайда болғаннан туатын ауру.
11
наурыз
2024

Нашақорлық физикалық тәуелділік пайда болғаннан туатын ауру.

Мектебімізде аксуат ауданының аға прокуроры Тулегенов Рустем Есенбекович  9-11 сыныптарға нашақорлық туралы  түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
Нашақорлық – бұл негізінде есірткіден психикалық және физикалық тәуелділік пайда болғаннан туатын ауру.
Есірткі – бұл ми жасушаларының жұмысын өзгерте алатын химиялқ зат, сол қасиетінің арқасында адам ағзасында жалған ләззат сезімі мен көтеріңкі көңіл-күй тудырады.
Өкінішке орай, бүгінгі таңда жастар арасында нашақорлықтың тез өсуі байқалады. Жастардың арасындағы нашақорлықтың пайда болуының негізгі себебі нашаға деген «мода» және жастардың жаңа сезімді бастан кешуге деген талпынысы.
Жасөспірімдердің есірткіге үйірлігінің негізгі себебі олардың өздерін ешкімнен тәуелсіз сезінгілері келуінде.
Көптеген жасөспірімдер есірткіні достарынан ерекшеленбеу үшін немесе олардың алдында өз беделін көтеру үшін шеге бастайды. Жастар арасындағы нашақорлықтың өршуінің тағы бір себебіне жастардың өмірлік қиыншылықтарды жеңе алмауын жатқызуға болады. Наша уақытша психикалық қысымды төмендетеді, бірақ жастар оның адам ағзасына тигізетін кері әсері туралы ойламайды. Олар нашақорлықтан кез келген уақытта еш қиындықсыз бас тарта алатындарына сенеді. Бірақ нашадан психикалық және физикалық тәуелділік пайда болғаннан кейін бұл шешім кейінге шегеріне береді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив