12
наурыз
2024
Оқушылыр барлық сабақтарды мұғалімдерді алмастырды.
Мектебімізде дублер күні өтті. Осы күні 11 сынып оқушылары барлық сабақтарда мұғалімдерді алмастырды. Осы жауапты іс-шараға балалар көп дайындалды: олар мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, әр сабақтың жоспарын жазды. Тәңертеннен бастап мектепте ерекше атмосфера орнады, қыздар сәнді киініп, ұлдар костюмде галстук тағып осы күнді қызықты да, мазмұнды жетіп көрсетуге тырысты. Осы күні мектептегі тәртіп биік деңгейде болды. Дублер күні - бұл оқушылар нағыз мұғалімдер бола алатын күн, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алды.
