Жетістіктер » Страница 6 » «Ы.Кабеков атындағы орта мектебі»
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Ы.Кабеков атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72346) 50-246
Есепші бөлімі:
+7 (775) 860-31-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мәнерлеп оқу байқауы
05
наурыз
2024
Мәнерлеп оқу байқауы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық мәнерлеп оқу байқауының аудандық кезеңіне мектебімізден қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сейсенбинова Динара  Асқарқызы қатысып, III орын иеленді.
"Мұқағали оқулары"
05
наурыз
2024
"Мұқағали оқулары"
Республикалық ғылыми-танымдылық Білім Айнасы газетінің ұйымдастыруымен өткізілген қазақ халқының лирик, ақиық, мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың «Мұқағали оқулары» конкурсына мектебіміздің 9 сынып оқушысы Болатбек Шұға Медетқызы қатысып II  дәрежелі ДИПЛОММЕН  марапатталды.   
"Мәнерлеп оқу "
05
наурыз
2024
"Мәнерлеп оқу "
Пе дагогтердің кәсіби шеберліктері мен құзыреттілігін арттыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімдерінің «Мәнерлеп оқу» облыстық байқауында әділ-қазы ретінде белсенділік танытқаны үшін  мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сейсенбинова Динара Асқарқызы алғыс хатпен марапатталды. 
Жыр мүшәйрасы
05
наурыз
2024
Жыр мүшәйрасы
9 ақпан күні Ақсуат мәдениет үйінде шындықтан туған шынайы поэзияның иесі, қазақтың қара өлеңіне ешкімге ұқсамайтын өзгеше рең, өшпес бояу беріп, қайталанбас құбылысқа айналған, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына  арналған аудандық "Өлең деген тумайды жайшылықта..."  атты жазба ң жыр мүшәйрасы өтті.  Мүшәйраға Мектебіміздің 11 сынып оқушысы  Айназ        Берікболқызы оқушылар арасынан 2 орын иеленді . 
Әскери көпсайыс ойындары
05
наурыз
2024
Әскери көпсайыс ойындары
Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» ММ Кеңес  әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай  ауған  соғысының ардагерлері  Марат Ахметхановтың жүлдесі үшін  мектеп оқушылары арасында  өткізілген аудандық IX әскери  көпсайыс ойындарына қыздар  арасында мылтық атудан (Қол тіреу арқылы) үздік  өнер көрсетіп 2 орын алған Шырын Рамазанова,   Құсманғазиева Лаура өнер сөрсеткені үшін  дипломмен марапатталса,  ұлдар арасында мылтық атудан 3 орын Берікұлы Дәулет
"Тәуелсіздік алтын тұғырымыз» атты республикалық байқау
04
наурыз
2024
"Тәуелсіздік алтын тұғырымыз» атты республикалық байқау
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын білім беру саласың мамандары мен білім алушылардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «Тәуелсіздік алтын тұғырымыз» атты республикалық байқауына қатысып I дәрежелі дипломмен жеңімпаз атанған дарынды оқушымыз Қожақанова Жансая Дастанқызы Дипломмен марапатталды.  Жетекшісі Г. Слямова, ата- анасы алғыс хатпен марапатталды
Үздік сынып жетекші-2024
04
наурыз
2024
Үздік сынып жетекші-2024
Ақсуат ауданы білім бөлімнің ұйымдастыруымен өткен «Үздік сынып жетекші-2024» байқауына мектебімізден қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,   10 сынып оқушыларының сынып жетекшісі Сейсенбинова Динара Асқарбековна қатысып жүлделі I орын иеленді.  Құттықтаймыз, білімді,  өнерлі шәкірттеріңіз көп болсын!.. 
Дзюдо күресі
04
наурыз
2024
Дзюдо күресі
Алматы қаласында Дзюдо күресінен Молдабай Төкеұлы атындағы республикалық турнирында мектебіміздің оқушылары Махсұт Аян 1 ші орын Дастанұлы Бақытбек 1 ші орын Қадылбекұлы Нұрбол 2 ші орын Тұрарғазы Қуаныш 3 ші орын Оңдасын Дәулет 3 ші орын иеленді жалпы командалық есепте 2ші орын 
Жас балуандар жеңісі
04
наурыз
2024
Жас балуандар жеңісі
Дзюдо күресінен өткен «Обылыстық ашық турнирында» мектебіміздің оқушылары Махсұт Аян 1ші орын Фермабек Нұрислам 1ші орын Жұмағалиев Мейіржан 1 ші орын иеленді.  Жетекшісі:  Маратов Мадияр.  Құттықтаймыз!..
Назад 1 2 3 4 5 6 Вперед