Мұғалімдер жетістіктері » «Ы.Кабеков атындағы орта мектебі»
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Ы.Кабеков атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72346) 50-246
Есепші бөлімі:
+7 (775) 860-31-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
Аудандық олимпиада
02
мамыр
2024
Аудандық олимпиада
Ақсуат ауданының білім  бөлімінің жоспарына сәйкес,  аудандық химия және биология пәні мұғалімдерінің аудандық олимпиадасына мектебіміздің химия мұғалімі Жамбылова Гүлзат Қанатқызы  белсене қатысып аудандық  білім  бөлімінің сертификатымен марапатталды. 
Тәуелсіздік бәрінен қымбат
30
сәуір
2024
Тәуелсіздік бәрінен қымбат
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын жас ұрпақтың арасында кеңінен насихаттау және патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында өткізілген республикалық эссе жазу байқауына қатысып, мектебіміздің дарынды 11 сынып оқушысы Қожақанова Жансая Дастанқызы «Қазақстан дарыны» медалымен  номинациясымен марапатталып, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Г. Слямова,  ата анасы Рахымбаев Дастан Қожақанұлы алғыс хаттармен
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерінің ойын құзіреттілігін дамыту
29
сәуір
2024
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерінің ойын
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерінің ойын құзіреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша мектебіміздің тәрбиешілері Маженова Шынар, Қабылашова Гүлназ 72академиялық сағат көлемінде курс оқып сертификат  иеленді. 
Мектепалды даярлықтың тәжірибелік және мазмұндық аспектілері
29
сәуір
2024
Мектепалды даярлықтың тәжірибелік және мазмұндық аспектілері
«Мектепалды даярлықтың тәжірибелік және мазмұндық аспектілері» тақырыбында 11.03.20.03.2024ж.  Өткен мектепке дейінгі тәрбиешілеріне арналған біліктілікті арттыру курсында мектебіміздің  даярлық сыныбының мұғалімі Оналбаева Құралай  іс тәжірибелерімен бөлісіп сертификат,  алғыс хаттармен марапатталады. 
Зерде ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі
12
наурыз
2024
Зерде ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі
Ақсуат ауданы бойынша Сасанби атындағы орта мектебінде өткен 1-7 сынып оқушылары арасындағы республикалық "Зерде" ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңіне мектебіміздің оқушылары Қайратқызы Назерке 1-орын алып, облысқа жолдама алды, жетекшісі Р.Таушаева,   Рамазанова Амина 2-орын алып, облысқа жолдама алды, жетекшісі Г.Слямова,  Сайлаубек Айзере, Бақытқали Алина 2-орын жетекшісі Д.Сейсенбинова,  Кеңесбекова Кәусар 3-орын  
"Мерейлі ұстаз"
12
наурыз
2024
"Мерейлі ұстаз"
«Абай облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КМ М «Мерейлі ұстаз»  жобасы аясында, оқу бағдарламасындағы күрделі тақырыптарға бейнесабақ түсіріп,  іс тәжірибе таратқанын растап Қурмангожина Маржан Толеугажиевна  сертификатпен марапатталды!
Өскелең ұрпақ тәрбиелеу
11
наурыз
2024
Өскелең ұрпақ тәрбиелеу
Абай облысы, Аксуат ауданының  білім беру саласына және өскелең ұрпақ тәрбиелеу жолындағы белсенді еңбегі үшін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Айжанов Данабек Амантайұлы құрмет грамотасымен марапатталды. 
"Ұстазды ұлықтау - үлкен мәртебе" облыстық салтанатты іс шара .
11
наурыз
2024
"Ұстазды ұлықтау - үлкен мәртебе" облыстық салтанатты іс шара .
МҰҒАЛІМДЕР  КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН «ҰСТАЗДЫ ҰЛЫҚТАУ - ҮЛКЕН МӘРТЕБЕ» ОБЛЫСТЫҚ САЛТАНАТТЫ  ІС  ШАРА ӨТТІ.  Мақсаты: педагог мамандығының қоғамдағы мәртебесін арттыру, әрбір педагог өз оқушылары мен олардың ата-аналарының, әріптестері мен серіктестерінің алғысын, қолдауын сезіне алатын  ерекше мерекелік орта құру.  іс-шараға мектебімізден қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сейсенбинова Динара Асқарқызы қатысып қайтты. 
Үздік авторлық бағдарлама байқауы
11
наурыз
2024
Үздік авторлық бағдарлама байқауы
Абай облысының білім басқармасы «ММ облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының «Физика-математикалық бағыттағы пәндер»(математика,физика,информатика)5-бағыты бойынша мектебіміздің педагог-зерттеуші математика мұғалімі  ЖАННА НҰРТАЕВНА НАКЕЕВА III-дәрежелі дипломмен марапатталды.  Құттықтаймыз,  еңбегіңіздің жемісін көріңіз.
"Ақберен"өнер байқауы
11
наурыз
2024
"Ақберен"өнер байқауы
13 қазан білім бөлімінің ұйымдастыруымен республикалық  X «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі болып өтті.  Байқау 6 номинация бойынша өтті.  Мектебіміздің оқушылары  «Шешендік» номинациясы бойынша  А. Кеңесбекова 1 орын алып облысқа жолдама алды,  жетекшісі Г. Слямова.  «Эссе жазу» номинациясы бойынша  Н. Тұрсынова сертификатпен,  «Көркем сөз» номинациясы бойынша  2 орын Айтқазықызы Әсем,  жетекшісі А. Оспанова.  «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша 1 орын Ә. Әнуарбеков облысқа жолдама